Газа секторы шекарасындағы ауылдарды араламақшы.
Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы, Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск Израильге барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Илон Маск Тель-Авивке жеке ұшағымен келді. Ол Израиль президенті Ицхак Герцогпен, премьер-министр Биньямин Нетанияхумен кездесіп, Газа секторы шекарасындағы ауылдарды араламақшы.