$ 494.87  520.65  4.91

«Барында бағалау керек». Өз тойында ата-анасын төрге шығарған жұп қазнетті тәнті етті

Күйеужігіт жас жұбайлар отыратын жерге ата-анасын отырғызып, құрмет көрсетеді. 

Фото: TikTok
Фото: TikTok

Тойда жас жұбайлар отыратын жерге ата-анасын отырғызып, құрмет көрсеткен жұп Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы

Видео TikTok-та тарады. Роликте күйеужігіт ата-анасын ортаға шақырып, оларға алғыс айтады. Артынша күйеужігіт ата-анасын жас жұбайлар отыратын жерге ата-анасын отырғызып, құрмет көрсетеді. 

Желі қолданушылары күйеужігіттің әрекетіне тәнті болған. 

"Дұрыс, барында бағалау керек", "Өсіп келе жатқан ұрпаққа әсіресе дәл қазір уақытта керек үлгі", "Жарайсың. Ата-анасы бар екен, ееееең бай адам. МашАллаһ, ризамын", "Қазақта осындай жігіттер көбейе берсін", деп жарыса жазды олар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары