$ 494.87  520.65  4.91

Қарашаның соңғы күндері ауа райы қандай болады

Шығыстан соғатын жел екпіні - 9-14 м/с.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Синоптиктер 28-30 қараша аралығында елордада, Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы

Астана

28 қараша көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 4-6 градус жылы.

29 қараша көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-шығыстан түнде соғатын жел екпіні - 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.

30 қараша көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 7-12 м/с, таңертең және күндіз екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус жылы.

Алматы

28 қараша көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.

29 қараша көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа бұрылатын жел екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.

30 қараша көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 7-9 градус жылы.

Шымкент

28 қараша көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен екпіні 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 21-23 градус жылы.

29 қараша көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні - 8-13 м/с, күндіз екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 13-15 градус жылы.

30 қараша көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 8-10 градус жылы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары