$ 441.66  475.14  4.86

Көшеде намазға жығылған оқушының әрекеті желіде қызу талқыға түсті

Не мынау сабақтың уақытында намаз оқып. Білім алмай ма?

Коллаж: Ulysmedia.kz
Коллаж: Ulysmedia.kz

Көшеде сырт киімін шешіп, намаз оқыған оқушының әрекеті көпшіліктің қолдауымен қатар наразылығын да тудырды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы

Ulysmedia.kz жазуынша, желіге салынған суреттен баланың жайнамаз орнына күртешесін қойып, намаз оқып тұрғанын, бас жағына сөмкесін қойып қойғанын байқауға болады.

Әлеуметтік желі қолданушылары оқушының бұл әрекетіне қатысты түрлі пікір білдіріп, жазба қалдырыпты.

Біреулер "Аллам сенің дұғаңды қабыл етсін", "Қазақтың барлық ұлдары осындай болса ғой", "Ата-анасына рақмет", "Осындай жастар біздің болашағымыз" деп қолдап жатса, енді бірі "Дұрыс емес, дін дегенді мектепке мүлде жолатпау керек", «Не мынау сабақтың уақытында намаз оқып. Білім алмай ма?»,  «Сабағыңды оқы, балақай, дінге үлгересің» деп сөгіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 26
Күлкілі 1
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары