$ 443.37  474.49  4.83

Каратеден әлем чемпионы атанған қазақ спортшысы сүйіктісіне сөз салды

Марапаттау сәтінде Никита сүйіктісін сахнаға шақырып, өмірлік жары болуға сөз салды.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық каратеші Никита Гарас Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарып, сүйіктісіне өмірлік жары болуға ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

85 килодан жоғары салмақта Никита финалда ресейлік Руслан Суховтан айласын асырды.

Марапаттау сәтінде Никита сүйіктісін сахнаға шақырып, өмірлік жары болуға сөз салды. Августина есімді ару спортшының ұсынысына келісіммен жауап қатты. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Алматыдағы әлем чемпионатын аса сәтті өткізді. Тарихи жетістігін жаңартып, 29 алтын, 25 қола, 61 қола медаль жеңіп алды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары