$ 494.87  520.65  4.91

Үкімет басшысы: Жыл сайын 1 трлн теңгеден астам қаражат бизнеске жетпей қалады

. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары ел мүддесіне жұмыс істеуі тиіс.

Фото: https://t.me/KZgovernment
Фото: https://t.me/KZgovernment

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тауар биржаларын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Премьер-Министр сауда-саттықтың құқықтық базасын және оның қатысушыларына қойылатын талаптарды түбегейлі қайта қарау қажеттігін Мемлекет басшысы көтергенін атап өтті.

Бұл орайда, негізгі проблеманың бірі жер қойнауын пайдаланушылардың тауар биржаларын өз мүдделеріне қарай пайдаланып кетуі болып отыр.

Бүгінде биржалық сауданың негізгі бөлігі жергілікті қамтуды сақтау жөнінде міндеттемелері жоқ дәл осындай сатып алуларға қызмет көрсетуге бағытталған. Нәтижесінде әр жыл сайын 1 трлн теңгеден астам қаражат біздің бизнеске жетпей қалады. Бұлай болмау керек. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары ел мүддесіне жұмыс істеуі тиіс. Жергілікті қамтуды кеңейтіп, өндірісті әртараптандырудың маңызы өте зор, – деді Әлихан Смайылов.

Тауар биржаларын микрокәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу тағы бір проблемаға айналып отыр. Бұл оларға аз салық төлеуге және тексерулерден құтылып кетуге мүмкіндік беріп отыр.

Анықталған кемшіліктердің барлығы жаңа заңнама шеңберінде жойылуы тиіс, – деді Премьер-Министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары