Басқа құрбандарды анықтау үшін тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Алматы полицейлері концерттік билеттерді сатуға қатысты алаяқтықты әшкереледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алаяқтықты билет сататын компанияның ресми өкілінің атын жамылып, азаматтарды алдаған 18 жастағы Л.есімді азамат жүзеге асырған.
Оның үстіне ол онлайн жұмыс істеп, билеттерге тапсырыс Instagram арқылы қабылдаған. Ал әлеуметтік желіде жарнамалау үшін SMM менеджерін жалдаған. Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті ұсталды.
Қазіргі таңда Алмалы аудандық полиция басқармасында алданған азаматтардың арызы негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді, делінген хабарламада.
Басқа құрбандарды анықтау үшін тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Егер қылмыс дәлелденетін болса, күдікті екі жылға соттауы мүмкін.