Жедел жәрдем бригадасы өз кезегінде оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.
27 қарашада сағат 17-29-да 112 пультіне Байқоңыр ауданындағы Ақбұлақ өзенінде адам суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 2006 жылғы жасөспірімді құтқарушылары келгенге дейін, сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам құтқарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Төтеншеліктердің айтуынша, ер адам жасөспірімді судан жағаға шығарып, оны жедел жәрдем бригадасына табыстаған, өз кезегінде олар оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Жасөспірім №2 қалалық балалар аурухана дәрігерлерінің бақылауында. Бақытымызға орай, жасөспірім құтқарылды, бірақ кейде бұндай жағдай қайғылы жағдайға айналуы мүмкін, - делінген Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.
Сондай-ақ ведомство баспасөз қызметі күзде, яғни қараша мен желтоқсан аралығында, яғни тұрақты аяз басталғанға дейін өзен бетіндегі мұз жұқа болатынын, сондықтан оған шығу өте қауіпті екенін азаматтардың есіне салады.
Құрметті азаматтар, естеріңізде болсын, Сіздің қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда, мұздың жұқа және қатпаған жерлеріне шығуға тыйым салынады. Мұзда балық аулауды ұнататындар міндетті түрде құтқару кеудешесін киюі керек. Қалыңдығы кемінде 10 сантиметр болатын мұз адамдар үшін қауіпсіз болып саналады. Өзендер мен салалардың сағаларында мұздың беріктігі әлсіз. Мұз тез ағымы бар жерлерде, ағынды суларда, сондай-ақ су өсімдіктері өсетін жерлерде, ағаштар мен қамыстың жанында қатты қатпайды. Егер ауа температурасы 0 градустан жоғары болса, үш күннен артық сақталса, мұздың беріктігі 25% төмендейді, - делінген хабарламада.