28.11.2023, 23:30

Қазақ боксшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Фото: Pixabay

Ол түрікменстандық Санжар Хамраевпен кездесіп, оны 4:1 есебімен жеңді.

16 жастағы қазақстандық боксшы Нығман Нығмет Ереванда (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Prosports.kz жазуынша, 48 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Нығмет түрікменстандық Санжар Хамраевпен кездесіп, оны 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Нығман Нығмет әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Айта кетейік, ай басында Астанада өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында да өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды.