29.11.2023, 12:00

Ақтөбеде 8-сынып оқушысы жоғалып кетті

Фото: Polisia.kz

Іздеуге полицейлер, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері және Zello-poisk еріктілері тартылды.

2008 жылы туған 8-сынып оқушысы Иов Антон Алексеевичт 27 қарашада сағат 15:00-де үйден көшеге шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілері: дене бітімі  арық, бойы 160-165 см, көздері көк. Үстінде: қара түсті бас киім, қоңыр күрте, қою көк түсті шалбар, қара рюкзак.

Іздеуге полицейлер, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері және Zello-poisk еріктілері тартылды.

Қандай да бір ақпарат білсеңіз, "102" немесе 8771-785-1058 телефондарына қоңырау шалуды сұрайды.