$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда саусақ ізін тапсыру міндетті болмауы мүмкін

Бірақ шетелдіктер үшін саусақ ізін алу міндетті болып қала береді. 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Елімізде міндетті дактилоскопиялық тіркеуді (саусақ ізімен анықтау) енгізуді алып тастау жоспарланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, қолданыстағы ережелерге сәйкес, саусақ ізін міндетті тіркеу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек. Бірақ енді оны алып тастау жоспарланып отыр. Бұл норма Мәжілісте қаралып жатқан мемлекеттік корпорациялардың мәселелері бойынша түзетулер жобасына енгізілген.

Заң жобасының маңызды жаңалығы – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжаттандыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында міндетті түрде дактилоскопиялық тексеруді алып тастау. Қауіпсіздік мәселелері мен азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына қатысты көптеген өтініштерге, сарапшылардың пікірлеріне байланысты шешім қабылданды. Саусақ іздері азаматтың өтініші бойынша қалады. Сонымен қатар, шетелдіктер үшін саусақ ізін алу міндетті болып қала береді, – деді Мәжіліс депутаты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары