29.11.2023, 16:40

Алматыда концерт берген 50 Cent-тің желідегі жазбасы қазақстандықтардың шамына тиді

Фото: 50cent инстаграм парақшасынан

Егер "Борат" фильмі болмаса, менің не айтып тұрғанымды түсінбейтін едіңіздер.

Америкалық рэпер және актер 50 Cent бір күн бұрын Алматыда өнер көрсетті. Танымал концерттен кейін шетелдік рэпердің Instagram парақшасында жазған жазбасы қазақстандықтардың көңілін қалдырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

28 қарашада Алматы Аренада әлем жұлдызының концерті өтті. Шоуға келген көрермендер 2000-шы жылдардағы сүйікті әндері Candy Shop, P.I.M.P, In da club, Ayo Technology-ға билеп, қуаныштарын жасыра алмады. Концерттен кейін әртіс әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырып, қазақстандықтардың ашуына тиген.

Алматы, Қазақстан, керемет өтті. Егер "Борат" фильмі болмаса, менің не айтып тұрғанымды түсінбейтін едіңіздер. Мен әлемге ортақпын, - деп жазды рэпер.