36 жастағы аргентиналық ойыншы команда сапында 14 матч өткізіп, 11 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.
«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси МЛС-те маусымның үздік ойыншыларының символикалық командасына енбеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
МЛС лига сайтында маусымның символикалық командасын жариялады:
Қақпашы: Роман Бюрки («Сент-Луис»)
Қорғаушылар: Мэтт Миазга («Цинциннати»), Тим Паркер («Сент-Луис») және Уокер Циммерман («Нэшвилл»)
Жартылай қорғаушылар: Хани Мухтар («Нэшвилл»), Эктор Эррера («Хьюстон Динамо»), Тиаго Алмада («Атланта») және Лусиано Акоста («Цинциннати»).
Шабуылшылар: Кучо («Коламбус»), Гиоргос Джакомакис («Атланта») және Денис Буанга («Лос-Анджелес»).
Месси «Интер Майамиге» осы жазда ауысты. 36 жастағы аргентиналық ойыншы команда сапында 14 матч өткізіп, 11 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.