30.11.2023, 14:40

Тоқаев Алматыдағы өрттен қаза тапқан азаматтардың жақындарына көңіл айтты

Фото: Ақорда

Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды.

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz   ақпарат порталы.

Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды, делінген хабарламада. 

Айта кетейік, , 30 қараша күні сағат 05:33-те Алматыдағы  Әди Шәріпов көшесіндегі хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты.Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді.