$ 494.87  520.65  4.91

Жарақат алған Бахтиер Зайнутдинов бетпердемен ойнауы мүмкін

Бұл туралы "Бешікташ" клубының бас бапкері Рыза Чалымбай "Брюггеге" қарсы матч алдында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Фото: sports.ru
Фото: sports.ru

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және "Бешікташ" клубының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов алдағы ойындарға қатысуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы "Бешікташ" клубының бас бапкері Рыза Чалымбай "Брюггеге" қарсы матч алдында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Түркияның "Бешікташ" командасы УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінің 5-турында Бельгияның "Брюгге" командасымен кездеседі.

Жеті-сегіз ойыншымыз жарақат алып қалды. Дәл мұндай көп жарақат алған кезді көрген жоқпын. Бірінші рет осындай жағдайға тап келдім. Неге бұлай болғанын өзім де білмеймін. Жастар командасынан ойыншылар алып, құрамды толықтырдық.

Неджип Уйсал мен Омар Коллиге сенім артуға болады, бірақ Неджип жарыстан шеттетілді. Үміт Мераш тізімде болмағандықтан сол қапталда ойнайтын қорғаушы жоқ. Сондықтан Бахтиер Зайнутдинов бетпердемен ойнап қалуы мүмкін, — деді клубтың бас бапкері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары