$ 494.87  520.65  4.91

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Almaty Hostel»-дегі өртке қатысты мәлімдеме жасады

Бүгінгі таңда ЖОО-лар 87 нысанды (қонақ үйлер мен хостелдер) жалға алды.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматыдағы хостелде болған өртке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы қаласының жоғары оқу орындары аталған хостелмен студенттерді орналастыруға келісім-шарт жасаспағанын хабарлайды.

Студенттерді көрсетілген хостелге орналастыру жүргізілген жоқ.

Біздің мәліметтеріміз бойынша, бұл хостелдің тұрғындары жеке жалдау компаниясымен ынтымақтастық арқылы өз бетінше келісім-шарттар жасасты, делінген хабарламада. 

Бүгінгі таңда ЖОО-лар 87 нысанды (қонақ үйлер мен хостелдер) жалға алды.

Айта кетейік, жоғары оқу орындары келісімдер жасасатын жалға алынған объектілерге өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, камералардың, турникеттердің болуы, коменданттық сағаттың сақталуы бөлігінде жоғары талаптар қойылады.

Шарт жасасқан хостелдерде ЖОО-ның студент жастары ғана тұрады. Үй-жайларға үнемі мониторинг және тексеру жүргізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары