$ 448.15  483.46  4.86

Ресейде өтіп жатқан жаппай митингтің ұйымдастырушысы А.Навальный ұсталды

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Мәскеуде өтіп жатқан митинг кезінде ұсталды. Бұл туралы Жемқорлықпен күрес қорының директоры Роман Рубанов өзінің Twitter-парақшасында жазды.

Оның айтуынша, саясаткерді полицейлер Мамонтов көшесінде қолын қайырып әкеткен. Бұл кезде ол митингке жиналғандармен кездесіп болып, өзге бағытқа қарай бет алған екен. Ал, ереуілге шыққан ондаған адам Навальный отырған полиция көлігін қоршап алып, оның жүруіне кедергі келтірген.

Навальный болса өзінің әлеуметтік парақшасында көтерілісшілерге өзін "құтқарудың" қажеті жоқ екенін айтып, Тверская көшесімен митингті әрі қарай жалғастыруға шақырды. «Достар, менде бәрі жақсы (...) Тверскаямен жүре беріңіздер. Біздің бүгінгі тақырып — жемқорлықпен күрес», — делінген саясаткердің жазбасында.

Айта кетейік, Мәскеудегі коррупцияға қарсы акция Астана уақытымен сағат 17:00-де басталған еді. РИА Новостидің хабарлауынша, полицейлер Пушкин алаңына жиналғандарды тарата алмай әлек. Нәтижесінде, бірнеше адам ұсталған.

Айта кетейік, Алексей Навальный мен оның Жемқорлыққа қарсы күрес қоры РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевке қарсы митингке шығуға бүкіл Ресей халқын шақырған болатын. Аталған қор әзірлеген деректі фильмде Медведевті жемқор деп айыптап, оның аса ірі жер иеленушісі екені айтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары