$ 443.85  474.3  4.8

Тәжік гастарбайтерлері Ресейде жиған ақшаларына өз ауылдарын электрмен қамтыды

Тәжікстандағы Фархор ауылының үш тұрғыны бала кездегі арманын орындады. Олар Ресейде жұмыс істеп тапқан ақшаларына туған ауылының бір көшесіне жарық жүргізді.

Ауғанстанмен шекаралас ауылдағы Тұрсынзаде көшесінде мешіт пен шекара мұнарасы орналасқан. Махалла төрағасы Рахмон Хасановтың айтуынша, бұл көшеде Кеңестер Одағы ыдырағалы бері жарық болмаған. "Бір күні жастар маған келіп, көшеге жарық тарту шығындарын өз мойындарына алатынын айтты", - деді ол.

Үш мигранттың бірі Ширинбек Бозоровтың айтуынша, туған ауылына жарық тарту - олардың бала кездегі арманы еді. Электр желілерін жастар Ресейден әкелген, ал түнгі лампаларды аудан орталығынан сатып алған.

Мигранттардың жасаған жақсылығына ауыл тұрғындары дән риза. 70 жастағы Құрбон Давлатов жақсылық істеген жастарды үнемі дұғасына қосып оқитынын айтты. "Олар - өз отанының нағыз патриоттары, біздің ауылдың бір мәселесін шешіп берді", - дейді ақсақал.

Дереккөз: centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары