$ 494.87  520.65  4.91

Алматы әкімдігі хостелдегі өрттен қаза тапқандардың отбасына 1 млн теңгеден бөледі

 

Қаза тапқан шетел азаматтарының отбасыларына мәйіттерді жерлеу орындарына дейін тасымалдауға көмек көрсетілетін болады.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыдағы хостелде өрт кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының отбасыларына 1 млн теңгеден бөлінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туыстары 1 млн теңге көлемінде материалдық көмек алады, тиісті тапсырманы қала басшысы Ерболат Досаев берді. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев мәлімдеді.

Қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлінетін болады. Сондай-ақ, бұрын айтылғандай, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін көрсетілген жерлерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға жәрдемдесетін болады. Бұдан басқа, жерлеу процесін қоса алғанда, Алматы қаласының аумағында жерлеуді ұйымдастыруға толық жәрдем жасалады, – деді Айдар Жақыбаев.

Қаза тапқан шетел азаматтарының отбасыларына мәйіттерді жерлеу орындарына дейін тасымалдауға көмек көрсетілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары