$ 494.87  520.65  4.91

Желтоқсан айында ауа райы қалай құбылады

Еліміздің солтүстік жартысында қар жауады, оңтүстік облыстарда жауын-шашын болады. 

 

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, биыл Қазақстанда қыс ақырындап түседі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желтоқсан  айының алғашқы күндерінде және ай бойы республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, оңтүстік облыстарда жауын-шашын болады. Жаңбыр қарға айналады.

Республиканың барлық аумағында тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-28 м/с жетеді. Айдың басында Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде екпіні 30 м/с және одан да көп болады. Желтоқсан айының бірінші онкүндігінің екінші жартысында арктикалық суық ауа массаларының ағынымен республика бойынша ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:  

– республиканың батысында түнде -10-20°С дейін, күндіз -3-13°С дейін;

– солтүстікте, солтүстік-батыста,

– шығыста және орталықта түнде -20-30°С дейін, күндіз -10-20°С дейін;

– республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде -10-20°С дейін, күндіз -2-10°С. 

Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндігінде циклондардың әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары күтіледі:

– Елдің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -5-10°С, күндіз 0,-5°С дейін көтеріледі;

– Қазақстан Республикасының оңтүстік жартысында түнде -3+3°С, күндіз +5+13°С дейін.

Алайда, кей күндері антициклондардың солтүстік-батыс енуі кезінде температуралық фон төмендейді болжанады:

– Қазақстан Республикасының солтүстік жартысында түнде -20-30°С, күндіз -8-15°С дейін;

– Қазақстан Республикасының оңтүстік жартысында түнде -10-17°С, күндіз -3-10°С дейін.

Жалпы, болжам бойынша, желтоқсанда республика бойынша орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде.

Желтоқсандағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, республиканың солтүстігінде нормадан жоғары болады деп болжануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары