$ 494.87  520.65  4.91

«Құны 6,4 млрд теңге»: Боранбаевтың тағы бір активі мемлекет меншігіне өтеді

Қазақстан үкіметінің қаулысымен бұл актив "Самұрық-Қазына"ұлттық әл-ауқат қорының басқаруына өтеді.

Фото: PROSPORT.KZ
Фото: PROSPORT.KZ

Қазақстан экономикасының құрылымында маңызды тағы бір өзгеріс: Қайрат Боранбаевтың бұрынғы активі – "АЗИЯГАЗ Чунджа" ЖШС енді "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқаруына өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов жоғары қысымды жерасты газ құбырын, "Шарын" автоматтандырылған газ тарату станциясын, электр беру желісін және жалпы ұзындығы 60 шақырымнан асатын басқа да активтерді қоса алғанда, бағалау құны 6,4 млрд теңгені құрайтын "АЗИЯГАЗ ЧУНДЖА" ЖШС-ны 100% мемлекетке өз еркімен және өтеусіз тапсырды, деп жазды Ulysmedia.kz

Берілген мүліктің теңгерімінде жерасты газ құбыры – "СҚУ 59" жіп "кран торабынан" Қазақстан-Қытай "магистральдық газ құбырынан" Шарын АГТС дейінгі құбыр, сондай-ақ газ реттеу пункттері, кентішілік газ құбырлары және Шонжы ауылындағы өнеркәсіптік базасы енеді.

Қазақстан үкіметінің қаулысымен бұл актив "Самұрық-Қазына"ұлттық әл-ауқат қорының басқаруына өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары