Әрі қарай жымқырылған қаражатты аталған бухгалтерлер өз пайдаларына иемденген.
Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасын Жәйрем кентінің ауруханасында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осы медициналық мекеменің бухгалтерлері Б. және T. 2021-2022 жылдары ауруханада іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға («өлі жандар») заңсыз 5,1 млн теңге аударған.
Әрі қарай жымқырылған қаражатты аталған бухгалтерлер өз пайдаларына иемденген.
Бұл факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу жүргізген.
Қаражал қалалық сотының үкімімен (заңды күшіне енді) Жәйрем кенті ауруханасының бухгалтерлері кінәлі деп танылып, оларға бас бостандығын шектеу түріндегі жазалар тағайындалды – 2 жыл және 3 жыл 6 ай мерзімге).
Қазіргі уақытта атқарушылық іс жүргізу қозғалып, мемлекетке келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатыр, - делінген Ұлытау облысы прокуратурасының мәліметінде.