Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз!
Елордада қызылша ауруы дендеп барады. №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекциялық стационарында 200-ге жуық бала қызылшадан ем алып жатыр, оның басым бөлігі – уақтылы екпе алмағандар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ulysmedia.kz жазуынша, қазіргі таңда Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен қызылша ауруының алдын алу, емдеу және иммундау бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, елордада 6 айдан бастап, 10 ай 29 күнге дейінгі сәбилерді жаппай вакцинациялау жүріп жатыр. Оларға желтоқсан айынан бастап 2-4 жас аралығындағы балалар қосылады.
Науқаспен байланыс болған жағдайда, қосымша екпе алу үшін кез келген тұрғын тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға жүгінуі керек екенін еске саламыз. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз!, – делінген Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.