$ 441.66  475.14  4.86

«АрселорМиттал Теміртау» зауытында кран құлады

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Теміртаудағы металлургиялық зауытта аспалы кран құлады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

30 қарашада №1 қаңылтыр прокат цехында алып аспалы кранның жартылай опырылып түсті, деп жазады inbusiness.kz.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, конструкцияның құлауына кран арқалығының бүтіндігінің бұзылуы себеп болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Плитаны дайындау орнында № 80-82 осьтің бойындағы құрылыс краны арқалығының бұзылуы салдарынан 1998 жылы шығарылған кранның бір жақты бүйірлік құлауы орын алды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. Тергеу кәсіпорынмен жүргізілетін болады және ғимараттың құрылыс конструкцияларының зақымдануы және аспалы кранның қалыпты жағдайда болуына байланысты оқиға ретінде жіктеледі, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары