$ 494.87  520.65  4.91

Енді банктер проблемалық несиесін жаппаған азаматтарға кредит бермеуі мүмкін

Ол үшін агенттік 2024 жылдың соңына дейін барлық 1,5 млн адаммен несие жүктемесін азайту үшін жұмыс жүргізуі керек.

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазір Қазақстанда 1,5 млн адам несиесін уақытынан кешіктіріп төлеп жүр. Енді банктер проблемалық несиесін жаппаған азаматтарға кредит бермеуі мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, 1,5 млн адам несиесін уақытында төлей алмай жүр.Олардың микроқаржылық ұйымдар мен банктерде несиесі бар. Төленбеген несиенің бір бөлігі коллекторларға берілген. Қазіргі кезде қарызы бар тұрғындардың тізімі жасалған.

Агенттік өкілінің айтуынша, бұл мәселені шешудің бірнеше жолы бар. Ол үшін агенттік 2024 жылдың соңына дейін барлық 1,5 млн адаммен несие жүктемесін азайту үшін жұмыс жүргізуі керек.

Сонымен қатар ол проблемалық қарызы бар қазақстандықтарға жаңа кредит алуға тыйым салынуы мүмкін екенін айтып берді.

Болашақта кредит төлеуден қиналатын жаңа қарыз алушылар болмас үшін, біз проблемалық несиесін толық жаппағандарға жаңа кредит алуға заңмен тыйым салуды ұсынамыз. Мысалы, қарыз алушының басқа банкте немесе микроқаржылық ұйымда мерзімі өтіп кеткен несиесі болса, онда ол проблемалық несиесі жабылғанға дейін жаңа кредит алуына заңмен тыйым салынады. Сондай-ақ біз тұтынушылық несиенің максималды мөлшерін шектегіміз келеді. Бұл қарыз 100 млн теңгеден асатын сомаға жиі берілетінін көріп отырмыз. Кейде қарыз 1 млрд теңгеге дейін жетеді. Бұл кәсіпкерлік мақсатта алынған қарыз болуы мүмкін. Біз халықтың берешегін көбейтпес үшін тұтынушылық қарыздың жоғарғы деңгейін шектегіміз келеді, – деді агенттік төрағасының орынбасары О.Қизатов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары