$ 494.87  520.65  4.91

Қар, бұрқасын және аяз: елімізге нағыз қыс келді

Қазақстанның басым бөлігінде температура күрт төмендейді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазгидромет 2-4 желтоқсан күндеріне ауа райы болжамын ұсынды, Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері белсенді атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық ағымдардың әсерінен елдің басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады.

3 желтоқсанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 3-4 желтоқсанда шығыста, 4 желтоқсанда оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтілуде. Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен бұрқасын болжанып отыр.

Республика бойынша тұман түседі, 15-29 м/с жел соғады. 3 желтоқсанда солтүстік-батыста және солтүстікте желдің екпіні кей уақытта 30 м/с және одан жоғары болады.

4 желтоқсаннан бастап ел аумағына суық ауа массалары енеді. Соның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде температура күрт төмендейді.

Солтүстік-батыс және солтүстікте түнгі сағаттарда 7-21 градус аяз, ал республиканың орталығы мен шығысында 5-15 градус аяз болжануда. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары