$ 449.88  486.64  4.83

Боксшы Батыр Жүкембаев бұрынғы әлем чемпионымен жұдырықтасады

13 желтоқсан. Кеттік!

Фото: twitter.com/ProBox_TV
Фото: twitter.com/ProBox_TV

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (21-1, 16 КО) кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегі туралы ресми түрде мәлімдеме жасады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы боксшының twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіпқой рингте 21 кездесу өткізіп, бір рет жеңілген боксшы жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев 13 желтоқсанда АҚШ-тың Плант-Сити қаласында кезекті жекпе-жегін өткізеді. Ол ProBox TV бокс кешінде тәжірибелі Мохамед Мимунмен (23-5, 4 КО) жұдырықтасады.

Қазақстандық боксшы twitter-дегі ресми парақшасында "13 желтоқсан. Кеттік!", — деп жазып, келесі жекпе-жегінің хабарландыруын жариялады. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек 14 желтоқсанда Астана уақытымен таңғы 07:00-де өтеді. 

Еске салайық, Батыр Жүкембаев қыркүйекте АҚШ-тағы Плант-Сити қаласында өткен соңғы жекпе-жегінде аргентиналық қарсыласы Уго Альберто Рольды (22-2-1, 7 КО) жеңген еді. Осылайша кәсіпқой бокстағы 21-жеңісіне қол жеткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары