01.12.2023, 22:30

«Еуро-2024» іріктеу кезеңінде Асхат Тағыбергеннің соққан голы ең үздік деп танылды

Фото: kpl.kz

Албания құрамасының ойыншылары – Ясир Асани мен Кристиан Асланидың доптары екінші және үшінші орындарға жайғасты.     

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің соққан голы Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) нұсқасы бойынша "Еуро-2024" іріктеу кезеңіндегі үздігі деп танылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Еуро-2024" іріктеу кезеңіндегі үздік голды анықтау үшін дауыс бергендер Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің Даниямен арада болған ойында ұпайды теңестірген добын таңдады, делінген УЕФА сайтында 2023 жылы 1 желтоқсанда жарияланған хабарламада.

Еуропалық іріктеу кезеңінің ТОП-10 голын УЕФА-ның техникалық бақылаушылары анықтады, содан кейін жанкүйерлерге дауыс беру мүмкіндігі берілді. 

УЕФА-ның техникалық бақылаушылары Тағыбергеннің алыстан соққан голын сегізінші орынға қойды, бірақ жанкүйерлердің дауыс беруінде ол бірінші орынға ие болды. Албания құрамасының ойыншылары – Ясир Асани мен Кристиан Асланидың доптары екінші және үшінші орындарға жайғасты.                          УЕФА

Жанкүйерлердің таңдауы бойынша "Еуро-2024" іріктеу кезеңіндегі үздік голдар:

Асхат Тағыберген (Қазақстан – Дания 3:2) – 2-Тур, 26.03.23 (Техникалық байқаушылардың таңдауы бойынша ТОП-10-да 8-ші орында тұр). Ясир Асани (Албания – Польша 2:0) – Тур 6, 10.11.23 (ТОП-10-да 7-ші тұр). Кристиан Аслани (Фарер аралдары – Албания 1:3) – Тур 4, 20.06.23 (ТОП-10-да 5-ші тұр).