$ 494.87  520.65  4.91

Қаңтардан бастап жол қозғалысына жаңа ереже енгізіледі

Енді жол апатына түсіп қалғандар полиция шақырмай-ақ өтемақы ала алады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қаңтардан бастап жол қозғалысына жаңа ереже енгізіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Енді жол апатына түсіп қалғандар полиция шақырмай-ақ өтемақы ала алады. Жүргізушілер оқиғаны арнайы мобильді қосымшамен онлайн тіркейді. Ол үшін көліктің сақтандыру полисі жарамды, ал апаттан зардап шеккендер болмауы керек.

Жаңа ережеде жаяу жүргіншілерге де арналған қосымша бар. Бағдаршамның жасыл түсі жанса да, адамдар қозғалып келе жатқан көлікке жол беруі тиіс. Машина толық тоқтаған кезде ғана жолдан өтуге рұқсат. Ішкі істер министрлігі мәліметінше, бұл әрекет кептелістің пайда болуына жол бермейді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 3
Күлкілі 3
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары