$ 444.14  477.05  4.85

Түркістанда төрт жасар бала іздестіріліп жатыр

Бақыт Айбар Алдиярұлы 25.05.2019 жылы туған. 

Фото: OTYRAR
Фото: OTYRAR

1 желтоқсан күні кешке жергілікті тұрғын қала полициясына хабарласып, ойнауға шыққан 4 жасар ұлы үйіне оралмағанын жеткізген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

OTYRAR мәліметінше, жоғалған баланың белгілері туралы ақпарат фотосуреттермен бірге барлық аудандарға таратылды. 

Еріктілер мен жергілікті тұрғындар да көмекке келді.

Бақыт Айбар Алдиярұлы 25.05.2019 жылы туған. 

Оның белгілері: бойы 60-65 см, шашы қара қоңыр. 

Ол үстіне сұр түсті көйлек, қоңыр шалбар, аяқтарына қара галош киген.

Жоғалған баланы көрген немесе қандай да бір ақпаратқа ие барлық адамдардан дереу полицияға 8-725-33-5-97-658-725-33-97-40-94 немесе +77014596666+77026376600+77759962793, сондай-ақ 102 телефондары бойынша қоңырау шалуын сұраймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары