$ 442.05  474.14  4.74

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Бекболатов – осы әлем чемпионатында алтын медаль алған үшінші қазақстандық.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Грек-рим күресінен Әскери қызметшілер арасында өткен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Амангелді Бекболатов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Sports.kz жазуынша, ол әскери қызметшілер арасында грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатының финалдық сайысында 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде «классиктер» арасында бірінші орын иеленді. Оның қарсылысы Иран өкілі болды. 

Бекболатов – осы әлем чемпионатында алтын медаль алған үшінші қазақстандық. Алдыңғы жылдары осындай нәтижеге грек-рим күресінен Бағлан Жақанша (2013, 60 кг) мен еркін күрестен Ғалымжан Өсербаев (2014, 74 кг) қол жеткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары