Екінші жеңіл салмақта Евгений Павлов топ-5 қатарынан шығып қалды.
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақтағы боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Екінші жеңіл салмақта Евгений Павлов топ-5 қатарынан шығып қалды. Ол бұған дейін төртінші орында болған, жаңа рейтингте алтыншы сатыда тұр.
Екінші ауыр салмақта Иван Дычко 11-орыннан 15-орынға түсті.
Бек Нұрмағанбет екінші орта салмақта тоғызыншы орында қалды.
Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақта 14-орнын сақтап қалды.
Сұлтан Зәуірбектің де орны өзгермеді - ол екінші жартылай жеңіл салмақта алтыншы сатыда.