Ыбырайдың білім беру жүйесі екі сатыдан тұрды.
Skifnews.kz ақпарат порталы тұлғалар өмірі туралы материалдар тізбегін ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы на арнайды.
8 жасар Алтынсарин мен миссионер Ильминскийдің кездесуі
Алайда, аз халықтар тарапынан шоқындыру саясатына қарсылық көбейеді. Күштеп шоқындырылған башқұрттар, чуваштар мен басқа да халықтар жаппай өз дініне өтеді. Енді айла тәсілді өзгерту үшін қаныпезерлердің орнына «мейірімді» миссионерлер келеді. Солардың бірі – түркі халықтарын шоқындыру идеясының басты идеологы Николай Иванович Ильминский. Ол шығыс, оның ішінде түркі тілдерінің білгірі болған. 1859 жылы 36 жасында Ильминский Орынбордағы шекара комиссиясында аудармашы болып жұмыс істеп жүреді. Сол жерде жергілікті орыс-қазақ мектеп интернатын алтын медальмен бітірген 18 жасар қазақ жігіті Ыбырай Алтынсаринмен танысады.
Бұл кездесу – қазақ халқының тағдырын айқындаған және сол арқылы қазақ ұлтының болашағына әсер еткен кездесу болды. Дәл осы кездесуден Алтынсарин мен Ильминскийдің 30 жылға созылған қарым-қатынасы басталды. Ол Ыбырайдан Құдайдың өзі жаратқан шын педагогтық қасиетті байқайды. Оған керегі де сол еді, – дейді фильм авторы.
Ыбырайдың білім беру жүйесі екі сатыдан тұрды. Біріншісі – сауат беру. Қазақ балаларының сауатын ашу. Екінші, жоғарғы сатысы – мамандықты игеруге жол ашу. Ол ағаш шебері бола ма, темір ұстасы бола ма, қолөнер ме, кілем, алаша тоқи ма, керек десеңіз Ыбырай қыз балаларға әртүрлі шөптің қосындысынан қалай шөп жасауды үйретті”.
Миссионерлерге қарсылық һәм Ыбырайдың соққыға жығылуы. 1872 жылы Ефимий Маловтың жетекшілігімен мұсылмандыққа қарсы мағынадағы қағаз кітаптар шығару комиссиясы құрылады. Ильминскийдің әдістемесі бойынша қазақ тіліне 307 кітап аударылады.Оның 288-і таза проваслав христиан уағызы. Мұның бәрі қазақтарға тегін таратылды. Мұндай миссионерлік әдебиет Алтынсарин ашқан мектептерге де тықпалана бастайды.
Материал журналист Дархан Әбдіктің «Ұстаз» атты деректі фильмі негізінде дайындалды
Назым Сапар