$ 439.43  473.31  4.82

Алматыда хостелдегі өрттен қаза тапты делінген Түркістан облысының тумасы тірі болып шықты

Ол Алматыға ақша табу үшін келген.

 

Фото: Қалалық ТЖД
Фото: Қалалық ТЖД

Алматыдағы хостелдегі өрттен мерт болды деп саналған Түркістан облысының тумасы Рамазан Әмірәлінің тірі екені белгілі болды. Студент оқиға болған кезде үйінде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Отырар порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы әкімінің орынбасарының айтуынша, 20 жастағы Рамазан негізінде Шымкенттегі медреселердің бірінде білім алады. Ол Алматыға ақша табу үшін келген. Солай арзан баспана тауып орналасқан. Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын жігітке ата-анасы Ташкентке бірге тексеруден өту үшін үйіге оралуын сұраған. Қазір Рамазан өз үйінде ата-анасының жанында.

Ал Түркістан облысының Қазығұрт ауданында хостелдегі өрттен қаза тапқан 20 жастағы Бейбарыс Әлдібек жерленді. Жігіт Алматыға ерекше қажеттілігі бар ата-анасына қаржылай көмектесу үшін жұмысқа келген. Ол отбасына бірнеше күннен кейін үйге оралатынын айтып уәде берген.

Еске салсақ, 30 қараша күні Алматыда хостел өртеніп, салдарынан 13 адам қаза тапты. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сол күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостелден өрт шыққан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары