Республиканың барлық өңірінде тұман, желдің күшеюі мүмкін.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 3 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігі циклон ықпалында болады. Сонымен қатар жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Елдің оңтүстік-шығысында ғана антициклонның әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады.
Республиканың барлық өңірінде тұман, желдің күшеюі болжанады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының – батыс, солтүстік және оңтүстік бөлігінде, Ақмола облысының – батыс, солтүстік және шығыс бөлігінде, Қарағанды облысының күндіз солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батыс, солтүстік және оңтүстік бөлігінде, Абай облысының күндіз батыс және орталығында дауылды жел күтіледі. Жылдамдығы кей уақытта 30 м/с және одан жоғары болады.