03.12.2023, 22:30

Аяжан Сыдық бокстан әлем чемпионы атанды

Фото: sports.kz

Сондай-ақ Толғанай Қасымхан мен Айсұлу Мұхит та алтыннан алқа тағынды.

Қазақ боксшысы Аяжан Сыдық Арменияның Ереван қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті. Skifnews.kz ақпарат порталы бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

54 келіге дейінгі салмақ санатындағы ақтық кезеңде А.Сыдық Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен кездесті. Жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшының пайдасына, 5:0 есебімен аяқталды.

Осылайша, Аяжан Сыдық әлем біріншілігінің алтын жүлдесін қанжығасына байлады. Ал оның қарсыласы «күміске» қанағат етті.

Сондай-ақ Толғанай Қасымхан мен Айсұлу Мұхит та алтыннан алқа тағынды.