$ 494.87  520.65  4.91

Димаш Құдайберген «Karić brothers award» сыйлығына ие болды

Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады.

Фото: kudaibergenov.dimash
Фото: kudaibergenov.dimash

Әлемге танымал қазақ жұлдызы Димаш Құдайберген  «Ағайынды Каричтер» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әнші Инстаграм парақшасында жазды.

Құрметті достар! Бүгін Сербияның Белград қаласында “Karić brothers award” сыйлығына ие болдым.

Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады. 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары Ж. Альферов, П. Хандке, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Назарбаев, кинорежиссер Е. Кустурица, қоғам қайраткері М. Мазари, теннисші Новак Джокович, актер Стивен Сигал – барлығы 150-ден астам дарынды адамдарға табысталған болатын, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары