$ 441.66  475.14  4.86

Балалар омбудсмені: Аудан әкімдерін жауапқа тарту керек

Балалар құлап, көз жұмған кәріз құдықтары әкімдіктерге тиесілі. 

Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева кәріз құдығына құлап, қаза болған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген жауаптыларға шара қолдану керектігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, балалар құлап, көз жұмған кәріз құдықтары әкімдіктерге тиесілі. 

Екі аптаның ішінде Қызылорда мен Түркістан облыстарында екі рет балалардың кәріз құдықтарына құлап, көз жұму дерегі тіркелді. Екі жағдайда да кәріз құдықтары әкімдіктерге тиесілі. Инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, балалардың өліміне әкеп соққан салғырттыққа жол берген жауапты қызметкерлерді жауапкершілікке тарту мақсатында тергеу жүргізу қажет деп санаймын.

Сондай-ақ бұл салаға жауапты жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен аудан әкімдерін де жауапқа тарту керек деп ойлаймын. Тамызда мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, атап айтқанда, ашық кәріз құдықтарына қатысты мәселе көтерілді. Премьер-министрдің орынбасары тиісті тапсырмалар берді, волонтерлермен бірге барлық өңірде рейд ұйымдастырылған, – деп жазды балалар омбудсмені.

Кеше Түркістан облысында 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан табылған еді.

1 желтоқсан күні кешкісін бала аулаға ойнауға шығып, қайта оралмаған. Әкесі дереу полицияға хабарласады. Іздеуге полицияның жеке құрамы мен құтқарушылардан бөлек, мыңға жуық ерікті қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары