Бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан израильдік операция «Темір қылыштар» деп аталды.
Газа секторы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ашраф әл-Кудра Израиль жасаған шабуылдан қаза тапқандар саны 15 523-ке жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Anadolu агенттігінің жазуынша, эксклавтың 41 мыңнан астам тұрғыны зардап шекті.
Палестиналық шенеунік сонымен қатар Газа секторында Израиль күштері ұстаған «Әл-Шифа» ауруханасының директоры мен 31 медицина қызметкерінен жауап алынғанын атап өтті.
Еске салайық, 7 қазанда таңертең ХАМАС қозғалысының әскери Израильге қарсы зымыранмен атқылаған. Артынша Израиль армиясы «соғысқа әзірлік» жариялап, ал 8 қазанда елдің «соғыс жағдайына» кіргенін ресми түрде жариялады.
Бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан израильдік операция «Темір қылыштар» деп аталды.