$ 441.58  480  4.86

Боран, көктайғақ: елордалық ТЖД ескерту жасады

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

 

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 4 желтоқсан күні қарлы боран, көктайғақ, екпіні 25 м/с дейін жел күшейеді деп күтіліп отыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына жазатайым оқиғаларға ұшырамас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болу керек екенін ескертеді.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары