$ 474.72  515.17  5.58

Қазақстандық жас теннисшілер Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды

Үш сағатқа созылған тартысты матчта Александр мен Егор жеңіске жетіп, чемпион атанды – 1:6, 6:3, 10:8.

 

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Түркияның Ыстанбұл қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe турнирі мәресіне жетті,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталмыш жарыста қазақстандық жас теннисшілер табысты өнер көрсетті.

Жекелей сында Роберт Каминский финалға дейін жетіп, бас жүлде үшін бәсекеде ресейлік Никита Бердинге жол берді – 1:6, 2:6.

Жұптық сында финалда қазақстандықтар Александр Софрыгин – Егор Сорокин және Аңсар Ниетқалиев – Жантөре Санжарұлы өзара кездесті. Үш сағатқа созылған тартысты матчта Александр мен Егор жеңіске жетіп, чемпион атанды – 1:6, 6:3, 10:8.

Қыздар арасында қазақстандық Руслана Русланова ресейлік Виктория Хастцаевамен бірге соңғы бәсекеде ресейліктерТатьяна Головина – Мария Масляковаға есе жіберді – 6:2, 5:7, 6:10.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары