$ 439.43  473.31  4.82

Астанада ерлі-зайыптының үстіне автобус аялдамасының әйнегі құлады (ВИДЕО)

Ер адамның жамбасы сынған, оған ота жасалады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астананың оң жағалауында автобус күтіп тұрған екі адамның үстіне аялдаманың әйнегі құлады. Полиция сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Қатты желден аялдамада тұрған егде жастағы адамдардың үстіне шыны құлаған. Зардап шеккендер ерлі-зайыпты болып шықты.

Ер адамның жамбасы сынған, оған ота жасалады.

Астана қаласының полиция департаменті осы фактіге қатысты түсініктеме берді.

Қылмыстық кодекстің 306-бабы "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар жасалады, - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары