Қарттар мен балалардың көшеге шықпағаны абзал.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорда тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әкімнің айтуынша, қарттар мен балалардың көшеге шықпағаны абзал.
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Түнгі уақытта жауған жаңбырдың салдарынан көктайғақ орнады. Коммуналдық қызметтер түннен бастап жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасын сеуіп жатыр. Оқыс жағдайға ұшырап, жарақат алмас үшін қарттар мен балалар көшеге шықпағаны жөн. Ал көлік иелері өте мұқият болуы және қашықтықты сақтауы қажет. Травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді.
Сондай-ақ ол аудан әкімдіктері мен МИБ/ПИК-ке аулалар мен қоғамдық орындарға инертті материал шашу тапсырылғанын мәлімедеді.