Сабина Алтынбекова өткен жылы дубайлық «Аль-Васлда» ойнаған болатын.
Қазақстандағы ең тартымды әрі танымал спортшылардың бірі, кәсіпқой воллейболшы Сабина Алтынбекова спорттық мансабының тағдырын жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Босанғаннан кейін, үш айдан кейін мен жаттығуды бастадым және Араб лигасының чемпионы атанған маусымды сәтті өткіздім. Ең бастысы, қазір менің ең үлкен мотивациям, ең үлкен жанкүйерім – ұлым бар.
Қазір жаңа маусымға дайындалып жатырмын, оның сәтті өтетініне еш күмәнім жоқ. ИншаАллах, — деп жазды Алтынбекова Instagram желісіндегі парақшасында жаттығудан түскен суретті жариялап.
Айта кетейік, Сабина Алтынбекова өткен жылы кәсіпқой мансабын жалғастыруды ұйғарып, өткен маусымда Біріккен Араб Әмірліктерінің чемпионы атанған дубайлық «Аль-Васлда» ойнаған болатын.