06.12.2023, 05:30

Сабина Алтынбекова спорттық жаттығуларын қайта бастағанын мәлімдеді

Фото: prosports.kz

Сабина Алтынбекова өткен жылы дубайлық «Аль-Васлда» ойнаған болатын.

Қазақстандағы ең тартымды әрі танымал спортшылардың бірі, кәсіпқой воллейболшы Сабина Алтынбекова спорттық мансабының тағдырын жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Босанғаннан кейін, үш айдан кейін мен жаттығуды бастадым және Араб лигасының чемпионы атанған маусымды сәтті өткіздім. Ең бастысы, қазір менің ең үлкен мотивациям, ең үлкен жанкүйерім – ұлым бар.

Қазір жаңа маусымға дайындалып жатырмын, оның сәтті өтетініне еш күмәнім жоқ. ИншаАллах, — деп жазды Алтынбекова Instagram желісіндегі парақшасында жаттығудан түскен суретті жариялап.

Айта кетейік, Сабина Алтынбекова өткен жылы кәсіпқой мансабын жалғастыруды ұйғарып, өткен маусымда Біріккен Араб Әмірліктерінің чемпионы атанған дубайлық «Аль-Васлда» ойнаған болатын.