$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 13 жезөкшелер үйі анықталды

Ал ғимарат иелеріне, жезөкшелікпен айналысуға үй-жай бергені үшін ҚР ӘҚбК-нің 450 бабы бойынша 13 әкімшілік іс қозғалды.

Фото: Алматы Полиция департаменті
Фото: Алматы Полиция департаменті

Алматы полицейлері жезөкшелер үйін анықтау мақсатында рейд жүргізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес Басқармасының қызметкерлері көші-қон және жергілікті полиция қызметіндегі әріптестерінің көмегімен жергілікті рейдтер жүргізді.

Өткен демалыс күндері Алматыда боди-массаж жасайтын салондардың атын жамылған 13 жезөкшелер үйі анықталды. Клиенттерге «сауықтыру шарасын» 51 жеңіл жүрісті қыз жасаған, оның 14-і Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары екендігі белгілі болды, – делінген Алматы қаласы бойынша Полиция департаментінің хабарламасында.

Шетелдік әйелдер ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды.

Жалпы, интим қызметін көрсететін әйелдерге қатысты ҚР ӘҚбК-нің 449 бабы және ҚР ӘҚбК-нің 492 бабы бойынша 67 хаттама толтырылды. Ал ғимарат иелеріне, жезөкшелікпен айналысуға үй-жай бергені үшін ҚР ӘҚбК-нің 450 бабы бойынша 13 әкімшілік іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары