$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде 42 градусқа дейін аяз болады

Республиканың барлық аумағында тұман түсіп, елдің оңтүстік жартысында желдің күшеюі күтіледі.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Синоптиктер Қазақстанда 7-9 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ауа райын зерттеушілердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде суық солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын сақталады (жаңбыр, қар).

Түнде ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градусқа дейін, республиканың қиыр солтүстігінде 42 градусқа дейін, орталықта және шығыста 28-33 градус аяз, оңтүстік аймақтарда 5-13 градус аяз. Республиканың барлық аумағында тұман түсіп, елдің оңтүстік жартысында желдің күшеюі күтіледі, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары