07.12.2023, 18:00

Ақмола облысында полиция күшейтілген режимге ауысты

Фото: pixabay.com

Басшылық балалар топтарын тасымалдайтын компанияларға мұндай ауа-райында қозғалу қауіпті екенін ескертуді тапсырды.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ПД басшылығы 400-ден астам полицейді күшейтілген патрульдеуге бағыттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

7 желтоқсан сағат 18.00 шамасында температураның -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағытында дизель жанармайымен жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқышы бар көлік құралдары үшін қозғалысты шектеу енгізіледі.

Инспекторлар автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетуге бағытталды. Басшылық балалар топтарын тасымалдайтын компанияларға мұндай ауа-райында қозғалу қауіпті екенін ескертуді тапсырды.