08.12.2023, 17:40

Әншілер мен шенеуніктер бар: ІІМ атышулы «Айканың тізімі» туралы түсінік берді

Фото: polisia.kz

Желіде желдей ескен құжатта элиталы эскорт қыздарды "жалдады" деген адамдардың жеке деректер тарап кеткен еді.

Түрлі БАҚ пен әлеуметтік желіде "Айканың тізіміне" қатысты үлкен дау туды. Желіде желдей ескен құжатта элиталы эскорт қыздарды "жалдады" деген адамдардың жеке деректер тарап кеткен еді. Атышулы тізімде қазақстандық әншілер мен шенеуніктер де жүр, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тізім "Айканың" телефонындағы ақпараттар негізінде жасалғаны туралы хабар тарады. 

ІІМ бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді. Сондай-ақ, осы тізім қайдан шыққанын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіледі.

Әлеуметтік желілерде Дербес деректер туралы мәліметтердің тарауы, дұрыстығы және таратылу мән - жайлары жүргізіліп жатқан тексеру шеңберінде белгіленеді, - дейді ІІМ өкілдері.

ІІМ Қылмыстық кодекстің 309-бабы, сондай-ақ 296-бабы бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу туралы еске салды. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ, полицейлер 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған дербес деректерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертті.