08.12.2023, 22:30

Батыс Қазақстанда балалар арасында қызамық дерті тарады

Фото: Pixabay

Оның 653-і – 14 жасқа толмаған жеткіншек.

Батыс Қазақстан облысында қызамық дерті жайлады. Жыл басынан індетті 700-ден астам адам жұқтырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның 653-і – 14 жасқа толмаған жеткіншек. Тасқала аудан орталығындағы балабақшалардың бірінде желтоқсан айынан бері 6 бала скарлатинамен ауырған. Кеселден, тіпті, 4 жасар қыз көз жұмды. Қазір төсек тартып қалған балалар Тасқала аудандық және Орал облыстық инфекциялық ауруханасында жатыр. Санитар дәрігерлер олармен байланысқа түскен адамдарды медициналық тексерістен өткізіп, дезинфекциялық шараларды күшейткен, деп жазды Inbusiness.kz.

Екі топты да карантинге жаптық. Емхананың да, біздің де бақылауымызда. Сырқаттармен байланысқа түскен адамдардың мұрын қуысынан жағынды алдық, сараптама орталығы талдау жасап жатыр. 3-4 күннің ішінде қорытындысы шығады, - дейді БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев.